Екібастұз ГРЭС-3 құрылысына инвестор табылмады

28 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы үшін инвестор табылмағанын энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Екібастұз  ГРЭС-3 құрылысы үшін инвесторды анықтау бойынша өткізілген тендер сәтсіз деп танылды, себебі оған тек бір компания қатысты. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тендерді сәтті деп тану үшін кемінде екі компанияның қатысуы қажет», – деді Ақкенженов сейсенбі күні үкімет отырысында.

Сонымен қатар, министр атап өткендей, министрлік үкімет аппаратына бір көзден келісімшарт жасасу жөнінде шешім қабылдау үшін хат жолдады.

«Қазіргі таңда үкіметтің шешімі күтілуде», – деді министр.
 

Тэгтер:

инвестор Екібастұз құрылыс ГРЭС