Қазақстан әлде Өзбекстан? Әлемдік рейтингтің нағыз көшбасшысы анықталды

28 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/world.boxing.events. Суретте: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров

Халықаралық World Boxing ұйымы жаңа ресми рейтингін жариялады, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымның мәліметінше, биылғы тізімде Өзбекстан құрамасы бірінші, ал Қазақстан екінші орынға тұрақтады.

Рейтинг қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы өз салмақ дәрежесінде көш бастады:

Қалған алты салмақ дәрежесінде өзбек боксшылары үздік деп танылды.

“Өзбекстан рейтингтің көшін бастап, он салмақтың алтауында бірінші орынды иеленді. Ал Қазақстан құрамасы қалған төрт салмақта үздік нәтиже көрсетті”, – делінген World Boxing ұйымының ресми Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

Тэгтер:

бокс қазақстан рейтинг өзбекстан World Boxing