Елге танымал актер 41 жасына қараған шағында көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)

29 қазан, 2025 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Ресейлік танымал актер Роман Попов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Mash Telegram арнасы хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Көпшілікке ол «Полицейский с Рублёвки» телехикаясындағы аңғал да сүйкімді тергеуші Игорь Мухичтің бейнесі арқылы жақсы таныс.

Тамыз айында актер жеті жыл бұрын қойылған ми ісігінің қайталанғанын мәлімдеп, аурумен күресіп жүргенін ашық айтқан еді. Сол кезде ол оң көзінен айырылып, сол көзінің көру қабілеті төмендегенін және күнделікті өмірде жақындарының көмегіне мұқтаж екенін жеткізген. Қыркүйек айында ол химиотерапия курсынан өткен болатын.

Роман Попов өз кәсібіне адалдығымен және көрерменге қуаныш сыйлай білген табиғи харизмасымен, жылы юморымен есте қалды. Ол «Детективное агентство Мухича», «Девушки бывают разные», «Каникулы президента», «Любовь в нерабочие недели», «Бумеранг» және «Убить босса» сынды фильмдер мен жобаларда да ойнаған.

Әріптестері мен көрермендері Поповты шынайы, жарқын мінезді, талантты комедиялық актер ретінде еске алып, оның бейнесі көрермен жүрегінде мәңгі сақталатынын жазып жатыр.

Тэгтер:

актер Роман Попов Игорь Мухич