Газа қаласының оңтүстігіндегі Эс-Сабра ауданында тұрғын үйге жасалған израильдік авиациялық соққы салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы Al-Aqsa TV хабарлауынша, авиациялық соққы нәтижесінде кеудесі бүлінген сәби де қосылып, төрт адам зардап шеккен.
Израиль әуе күштері Газа қаласының бірнеше ауданында авиациялық соққы жасады.
ТАСС агенттігі Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлағандай, соққының бірі қаланың солтүстігіндегі «Аш-Шифа» медициналық орталығына бағытталған. Ал Al Mayadeen телеарнасы Газа батысында орналасқан Эш-Шати босқындар лагеріне соққы жасалғанын хабарлады.