"Давлением түсіп кетті": Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)

Бүгін, 15:18 / Arasha.kz
YouTube/Телеканал Астана / Astana TV. Суретте: Тұрсынбек Қабатов

Белгілі әзілкеш әрі шоу-мен Тұрсынбек Қабатов Өскемендегі концерті бір күнге кейінге шегерілгенін түсіндіріп, көрермендерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Құрметті достар, ағайын! Иә, менің Өскемен қаласындағы концертім 1 күнге шегерілген болатын. Түсіністік танытқан, концертке келген Өскемен халқына алғыс білдіремін. Концерттің алдында давлением түсіп кетті. Қазір бәрі жақсы! Қазақстанның барлық қаласында концертім болады. Концертте жүздескенше! Баршамыз аман болайық", – деді Тұрсынбек Қабатов.

Тэгтер:

тұрсынбек қабатов әзілкеш