Астанада Сауда үйінде іш киіммен жүгірген адам қамауға алынды

29 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Астанада сауда-ойын-сауық орталығында іш киіммен жүгірген азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полицейлер елорданың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш күйде плакат ұстап, келушілердің назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеосын анықтады. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 26 жастағы құқық бұзушының жеке басы анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды», – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, өзгелерге құрметпен қарауға және құқыққа қайшы әрекеттер жасамауға шақырды.
 

Тэгтер:

Астана полиция ер адам іш киім