Қытайдың тыйым салынған тауық еттерін елге әкеп жатқан кімдер?

Бүгін, 11:17 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Жақында әлеуметтік желілерде Қорғас шекарасында түсірілген видеолар тарап, қазақстандықтарды тағы бір маңызды мәселе туралы ойлануға мәжбүр етті.  Видеода елге заңсыз әкелінген тауық еттері көрсетілген. @Koza4kov_bot каналында жарияланған видео бойынша, шекарада тексерілген фуралар құжаттарында көкөністер мен жемістер бар деп көрсетілген, ал шын мәнінде Қытайдан тауық етін әкелуге әрекет жасалған. Тауық еті өте мұқият оралған, тіпті «халал» деген жазуы бар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстан Қытайдан тауық етін импорттауға 12 жыл бұрын тыйым салған. Прокурорлар мәліметі бойынша, бұл өнімдер ірі көлемде елге әкелініп жатыр. Мысалы, былтыр Шымкентте тексеру кезінде 37 тонна Қытайдан келген тауық еті анықталып, кейін жойылған.

2023 жылы жалпы елге шамамен 9 мың тонна тыйым салынған өнім жеткізілген, оның бір бөлігі Шымкентке түскен. Әсіресе тауарлар Жамбыл облысындағы «Қарасу» және «Сыпатай Батыр» шекаралық өткізу пункттері арқылы әкелінеді. Бұл мәселе Мажіліс Агроөнеркәсіп комитетінің отырысында да көтерілген. Генпрокуратура 200-ден астам ұсыныс жасап, 500-ден астам ветеринар жауапқа тартылған, кейбір істер бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алайда видеолар көрсеткендей, шекарада бақылау жеткіліксіз. Шекара, кеден, фитосанитарлық және ветеринарлық қызметтерде мыңдаған адамдар жұмыс істесе де, контрабанда тоқтатылмай отыр. Жүк тексерілмейді, фитосанитарлар құжаттарға ғана көңіл бөледі, ветеринарлар фуралардан көз жазып қалады.

Бұл мәселе тек экономикалық зиянмен шектелмейді. Белгісіз тауық еті базарлар мен дүкен сөрелеріне түседі, мейрамханалар мен кафелерде тағамдарға пайдаланылады. Бұл адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді, себебі ешкім еттің қауіпсіз екенін растай алмайды. Сонымен қатар, контрабандалық өнімдер бағасы заңды өндірушілерге қарағанда арзанырақ, бұл шағын және орта бизнеске зиян келтіреді, ал пайда тек контрабандистерге тиеді.

Әр жыл сайын елге 9 мың тонна тыйым салынған өнім кіріп жатса, демек бұл процесті бақылап отырған адамдар бар. Мүмкін, бұл процестерге Ауыл шаруашылық министрлігінің жоғары лауазымды тұлғалары да мүдделі шығар, өйткені ветеринарлық бақылау және фитосанитарлық инспекция осы органға қарайды. Бұл бағытты Аманғали Бердалин, ауыл шаруашылығы вице-министрі қадағалайды.

Мәселені шешудің екі жолы бар:
Барлық шекара, кеден, фитосанитарлық және ветеринарлық қызметтердің жұмысын қатаң тексеріп, оргвывод жасау. Немесе ештеңе істемей, контрабандалық тауық етінен маса, улану сияқты апатты күтуді жалғастыру. 2012 жылы Қытайдан тауық етін әкелуге тыйым салынғаны бекер емес – бұл халықтың қауіпсіздігін сақтау үшін қабылданған шешім, - деп жазды @Koza4kov_bot каналы.
 

Тэгтер:

Қытай тауық еті контрабанда заңсыз