1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

1 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі.
Батыс пен солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, кей жерлерде қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады.

Синоптиктердің мәліметі бойынша:

▪️ Астанада бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Түнде температура +3…+5 °C, күндіз +5…+7 °C.

▪️ Алматыда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде +6…+8 °C, күндіз +10…+12 °C.

▪️ Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +4…+6 °C, күндіз +14…+16 °C.
 

Тэгтер:

ауа райы жаңбыр жел