Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнар Бажкенова Kaspi.kz-ке қарсы шықты

Бүгін, 12:43 / Arasha.kz
Orda.kz коллажы

Orda.kz сайтының бас редакторы әрі негізін қалаушы Гүлнар Бажкенова Kaspi.kz компаниясының әрекетіне қарсы ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Редакцияның хабарлауынша, Kaspi.kz бүгін өзінің дәстүрлі инновациялық сервистерін таныстырып жатқанымен, шын мәнінде олардың жасаған ең үлкен "инновациясы" – әлеуметтік желіні әп-сәтте заңсыз бұзу мүмкіндігі. Сонымен қатар журналистер компанияны азаматтардың жеке деректерін мемлекеттік базалар арқылы заңсыз пайдалануға қатысы бар деп айыптады.

Гүлнар Бажкенованың мәлімдеуінше, Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким бұрынғы күзетшісі әрі делдал Мақсат Ғаниев арқылы Orda.kz-ті басып алуға әрекеттеніп отыр. Ол 1 желтоқсанда өтетін құрылтай жиналысында бас редакторды қызметінен шеттетіп, оның орнына өзі келуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Мұндай әрекеттер алғаш рет биыл көктемде байқалған. 23 мамырда Гүлнар Бажкенова мен Orda.kz редакциясына Вячеслав Кимнің жеке заңгері Виталий Панның қолы қойылған хат келіп түскен. Онда 30 маусымда өтетін жиналыста бас редакторды қызметінен босату туралы хабарланған. Кейін де осындай бірнеше хат келген.

8 шілдеде Гүлнар Бажкенова түсірілім тобымен бірге сол жиналысқа барған. Алайда Ғаниев пен Пан жиынға келмей, олардың орнына белгісіз заңгер келген. Нәтижесінде редакцияны басып алу әрекеті жүзеге аспай қалған.

Тэгтер:

Kaspi.kz Гүлнар Бажкенова