Жеке биометриялық деректерді жеке банкке кім берді?

1 қараша, 2025 / Arasha.kz

Бүгін Қазақстанда алақан арқылы төлем жүйесі іске қосылды. Ал әлем баяғыда-ақ түсінген: кім деректерді басқарады – сол адамның өзін басқарады.

Егер бір жеке компанияның қолында қаржылық операциялар, несие тарихы, мемлекеттік қызметтер, медициналық деректер, жеке сәйкестендіру, биометрия секілді деректер болса, онда бұл нарықтың дамуы емес, мемлекетті бөлшектеп, жеке биліктің жаңа жүйесін құру деген сөз.

Қазір адамдар бұл жүйенің ыңғайлы немесе ыңғайсыз екенін талқылап жатыр. Бірақ бір жылдан кейін кеш болады – мәселе саяси емес, техникалық сипат алады. Маңыздысы – технологияның аты емес, оның қоғамға қалай әсер ететіні. Біз алақанымызды емес, өзіміздің жеке болмысымызды тапсырып жатырмыз.

Жауабы табылмаған төрт қарапайым сұрақ бар:

Осы сұрақтардың жауабы кез келген жарнамадан маңыздырақ.

Адам құқықтарынсыз цифрлық даму – прогресс емес. Бұл – ескі тәуелділіктің жаңа түрі, тек анағұрлым жасырын және ұзаққа созылатын түрі.
Инновациялар қажет, бірақ жеке тұлғаның сәйкестендірілуін жекешелендіру – бұл өте қауіпті.

Бұл жерде сөз банк туралы емес. Басты сауал – Қазақстан азаматы субъект ретінде қала ма, әлде біреудің жүйесінде жай ғана "профильге" айнала ма?
Бәріміз технологияны жақсы көреміз. Бірақ еркіндік – қосымша бағдарлама емес. Оны "жаңарту" немесе "техқолдау" арқылы қайтара алмайсың.

Жазба Ғалым Байтұқтың Facebook парақшасынан алынды.

Тэгтер:

Kaspi.kz