Сүйінші, ағайын! Ринат Зайыт ел асыға күткен жаңалықты қуана хабарлады (ФОТО)

1 қараша, 2025 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Бүгін Мәжілісте балалардың құқықтарын қорғауға арналған заңнамаға елеулі өзгерістер қабылданды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Жаңа түзетулерге сәйкес, енді балалар мен жасөспірімдерге дәстүрлі емес жыныстық бағдарды немесе педофилияны насихаттау, оған оң көзқарас қалыптастыруға тырысқан кез келген әрекет заңмен қудаланатын болады.

"Бүгін мәжіліс қабырғасында Қазақстан республикасының бала құқықтары туралы заңына өте маңызды өзгеріс енгізілді. Жалпы мағынасы мынадай мәтінде: Балалар мен жасөспірімдерге арнап дәстүрлі емес жыныстық бағдарды, педофилияны насихаттайтын, оған бейімділік туралы оң пікір қалыптастыру мақсатында көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация, масс медиа, әлеуметтік желі құралдарын пайдаланып насихаттау заңмен қудаланады! Менің ойымша, ұрпақ алдында ұялмайтын норма. Қуанышымды жасыруға шамам келмеді. Сондықтан сіздерге хабарлап отырмын ағайын. Сіздер де қуанышты деп ойлаймын", – деп жазды Ринат Зайыт.

Тэгтер:

депутат Ринат Зайыт