Қосшыда түтін шығуына байланысты 40 адам эвакуацияланды

2 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

ТЖМ қызметкерлері Қосшы қаласындағы Жангелдин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден 40 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

— Бүгін «112» қызметіне Қосшы қаласындағы Жангелдин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына келген ТЖД бөлімшелері пәтердің екінші қабатындағы электр қалқаншасында жанусыз қысқа тұйықталу болғанын анықтады. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар баспалдақ арқылы 40 адамды эвакуациялады, — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, деп атап өтті ТЖМ.

Бұған дейін Көкшетауда жылу трассасынан шыққан оттың тұрғын үйге тарағаны, салдарынан 12 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын.
 

Тэгтер:

өрт ТЖД эвакуация Қосшы