Қостанайда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық топ әшкереленді

2 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ІІМ

Қылмыстық топ ауылдық жерлерде әрекет еткен. Олар тұрмысы төмен және қолайсыз отбасылардан шыққан қыздарды таңдап, арбап әкеліп отырған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кейін күш қолдану мен қорқыту арқылы оларды жалдамалы пәтерлер мен тіпті гараждарда ұстап келген.

Жәбірленушілерді клиенттерге сауналарға такси арқылы жеткізген, ал ол такси іс жүзінде жеңгетайлардың бүркемесі болған.

Полиция мәліметінше, осылайша кемінде 12 мекеме пайдаланылған. Күдіктілер қатарында сауналардың әкімшілері, иелері, «жалған такси» жүргізушілері және ақылы интимдік қызмет көрсеткен адамдар бар.

Қостанай облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы арнайы операция жүргізіп, топ мүшелерін ұстады.

Қылмыстық топ қатысушыларына қатысты Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша іс қозғалды.
 

Тэгтер:

қылмыс полиция Жезөкшелік топ