Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья ұсталды

2 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Полицейлер Mazda автокөлігін тоқтатқан, оның жүргізушісі судья болған. Тексеру барысында оның мас екені анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты HALYQSTAN телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция департаменті бұл фактіні растағанымен, жүргізушінің жеке басын жариялаған жоқ.

Әлеуметтік желілерде ұсталған адамның судья Әсел Досаева болуы мүмкін деген ақпарат тарауда.
 

Тэгтер:

судья көлік мас