Әнші Балжан Бидаштың бұрынғы жары, актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сынның астында қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жуырда үшінші рет үйленген актер Мөлдір Мұқанның сұхбатынан кейін Threads желісінде пікір қалдырып, көпшіліктің назарын аударған.
"Подкаст дамымай тұрып ажырасып кеткеніме қуанып отырмын", – деп жазды ол.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікір тудырды. Көпшілік актердің сөзіне наразы болып, оны сынға алды.
"Сені подкастсыз-ақ та ешкім жақсы көрмейді", "Сөзім жоқ. Бидаш осыдан кеткені жақсы болды", "Тыныш отыра бермейсіз бе?!", "Сіз де тым жақсы қызды алып, тұншықтырып тастадыңыз ғой", "Бұл жерде пікір білдіргенің үшін өкінесің-ау", – деп жазды желі қолданушылары.