«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі — негізінен қар түрінде, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тек еліміздің батысында ғана ауа райы құрғақ болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде боран болжануда.
▪️ Астанада — ауыспалы бұлтты, қар, көктайғақ, боран, түнде −8–10 °C, күндіз −8–10 °C.
▪️ Алматыда — ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, түнде +5–7 °C, күндіз +5–7 °C.
▪️ Шымкентте — бұлтты, жаңбыр, қар, тұман, түнде +3–5 °C, күндіз +3–5 °C.