Бәрі іздеп жүрген баланы әкесі өлтіріп, тығып тастаған

Бүгін, 09:15 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Арменияда бір апта бойы іздестірілген үш жасар Тигран Ованесовты өз әкесі өлтірген. Armenpress агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы алдын ала тергеу деректерін ұсынған Ішкі істер министрі Арпине Саркисян мәлімдеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тигран Ованесов 27 қазанда жоғалып кеткен. Оны іздеуге 500 құтқарушы, полицей және ерікті қатысқан. Тергеу комитеті «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады. 2 қараша күні баланың денесі отбасы тұратын Гегаркуник облысынан табылған.

Тергеу нұсқасы бойынша, оқиға болған күні бала ағасымен бірге үйден шыққан кезде аулада әкесімен кездескен. Сол жерде ер адам мен балалар арасында жанжал туындап, күдікті кенже ұлын тұншықтырып өлтірген.

Тигранның бес жасар ағасының денсаулығында мәселелер бар, сондықтан ол толыққанды жауап бере алмайды. Алайда министрдің айтуынша, мамандар оның реакцияларын тіркеп, сол арқылы тергеу оқиғасының ретін қалпына келтіре алған.

Саркисянның сөзінше, әкесі бұған дейін отбасылық жанжалдар туралы айтқан. Сондай-ақ ер адамның қылмыстың ізін жасыру мақсатында баланың денесін бірнеше рет басқа жерге апарғаны анықталған. Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
 

Тэгтер:

полиция армения бала өлімі әкесі