Адал азамат – ел болашағының негізі

21 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың, Қазақстан Республикасы президенті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және әрине, демократия жолында, даму бағытында аянбай тер төгіп, мемлекетіне қызмет етіп жатқан Қазақстан азаматтарының ерен еңбегінің арқасында еліміз адымдап дамып, өз биігінен көрініп келеді. 

Еске салсақ, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл өткен Қазақстан халқына жолдауында: «Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет» ‒ деген болатын. 

Сондықтан “Адал азамат” тұжырымдамасы негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығы қоғамдық тәртіпті сақтап, заң аясында жүріп, әділдіктің ақ туын көтеріп, моральдық тазалықты сақтап жүруге міндетті. 

Осы ретте мемлекет ретінде гүлдену үшін, дамыған елдермен тереземіз тең болуы үшін билік пен қарапайым халық жемқорлықтан ада елдің негізін құруға талпыну шарт. Ол өзінің қара басы ғана емес, ұлтының және ұрпағының алдындағы жауапкершілігін сезінетін адал азамат. Ал ол кім десе, ол ‒ өз ісіне, өзіне және отбасына мол жауапкершілікпен қарайтын, ерінбей еңбек ететін, қоғамның жақсаруына мүдделі, әр ісінің салдарын ойлайтын және қарапайым уәдесінде тұратын адам. Осындай қатардағы еңбек адамын біз ‒ нағыз патриот, бейбіт күннің батыры, елінің нағыз азаматы дейміз. 
“Адал азамат” деген кім десе, осылай түсіндіруге болады. 

Адал азамат әрқашан өзінен кейінгі жас ұрпақты ойлайды. Шәкірт тәрбиелеу, олардың мәдениеті мен адамгершілігін бойына сіңіру, қоғамның беткеұстар мүшесін қалыптастыру, ел-жұртына жанашыр болу, қолдан келсе аянбайтын азаматтардың санының көп болуына жағдай жасау жауапты азаматтың басты міндеті. Қоғамның сапалы азаматы деген ‒ осы болса керек.

Сапалы азамат деген ‒ оқымысты немесе бай адам емес, ол жауапкершілігі мол адам.
«Адал азамат» тұжырымдамасы – қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін, адал еңбекті бағалайтын, әділдік пен адамгершілік қағидаттарын ұстанатын тұлғаның үлгісі.