ШҚО-да жол апатынан бес адам қаза тапты

Бүгін, 08:17 / Қайсар Қалам
Сурет: ШҚО ПД

Қайғылы жол апаты 4 қараша күні Өскемен – Риддер тас жолының 48-шақырымында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Toyota Estima көлігі жолдың бір бөлігінде тұрған ЗИЛ жүк көлігіне соғылған. Айтуларынша, жүк көлігі бұзылып, жол бойында тұрған.

Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Полиция алдын ала тергеуді бастап, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Самар – Шымкент тас жолында болған жол апатынан 12 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.
 

Тэгтер:

ШҚО жол апаты Тас жол