Путин жыл бойы әскерге шақыру туралы заңға қол қойды

Бүгін, 08:23 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Ресей президенті Владимир Путин әскери қызметке шақыру тәртібін өзгертетін заңды бекітті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы, 4 қарашада, «Парламентская газета» сайтында хабарланды.

2026 жылдан бастап әскерге шақыру бүкіл күнтізбелік жыл бойы — 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін үздіксіз жүргізіледі. Осы кезеңде барлық қажетті рәсімдер өтеді: медициналық тексеріс, психологиялық іріктеу және шақыру комиссиясының отырыстары.

Алайда әскерге аттану мерзімі бұрынғыдай қалады — көктемде және күзде, яғни 1 сәуірден 15 шілдеге дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін. Осылайша, сарбаздардың әскери бөлімдерге келу кезеңі бұрынғыдай екі кезеңге бөлінеді.
 

Тэгтер:

Путин заң Әскерге шақыру