Алматыда әкімшілік ғимарат өртенді

Бүгін, 12:44 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Оңтүстік астанадағы Самал шағын ауданында төрт қабатты әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ғимарат пайдаланылмайтын болған.

Куәгерлердің айтуынша, өрт барған сайын күшейіп келеді.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, қазір оқиға орнында үш автосаты жұмыс істеп жатыр, ал өрттің өзі локализацияланды.