Талдықорғанда мас полиция қызметкері жол апатын жасады

Бүгін, 13:49 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Талдықорғанда полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 2 қараша күні болған. Апат салдарынан 60 жастағы әйел ауыр жарақат алып, бірнеше жерден сүйегі сынған. Ол дереу ауруханаға жеткізілген.

Тексеру барысында көлікті Талдықорған қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің қызметкері басқарғаны анықталды. Апат кезінде ол мас күйінде болған, деп жазды Orda.kz.

Қызметтік тексерістен кейін тәртіп сақшысы полиция қатарынан қуылды.

Бұл — соңғы бірнеше күн ішіндегі билік өкілдерінің қатысуымен болған екінші мас жүргізуші оқиғасы. Бұған дейін 1 қарашаға қараған түні Астанада судья Әсел Досаева мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған еді. Сараптама оның қанынан алкоголь іздерін анықтаған, ал жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені белгілі болған.
 

Тэгтер:

полиция жол апаты мас жүргізуші