Жеңіл ақшаға алданған дроппердің өкініші

Бүгін, 13:55 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Қылмыстық істің қатысушысы атанған жас жігіт өз оқиғасын баяндап берді. Ол қалай қылмыстық схемаға тап болып, өзінің банк есепшотын заңсыз ақша аударымдары үшін пайдалануға бергенін түсіндірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бәрі мессенджер арқылы бейтаныс адамның "оңай табыс" туралы ұсынысынан басталған. Белгісіз адам бұл жігітке банк шотын пайдаланып, ақша қабылдап, қолма-қол шешіп беруді ұсынған. Қарапайым әрі қауіпсіз көрінген бұл ұсынысқа жас жігіт келіскен. Кейін ол бұл іске өз таныстарын да тартып, олар да сол тұзаққа ілігіп кеткен.

Оның есепшоты арқылы түскен қаражат қолма-қол ақша түрінде бейтаныс адамдарға беріліп отырған. Енді ол өз әрекетінің заңсыз болғанын және сол арқылы жақындарын да қауіпке тіккенін түсініп отыр.

Қылмыстың өтеуі –жаза. Полиция азаматтарды тағы да сақ болуға шақырады. Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Тэгтер:

заң жаза Дропер