Мәжіліс депутаты көп әйел алуды заңдастыруды ұсынды

Бүгін, 17:20 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Қазақстанда көп әйел алу тақырыбы тағы қызу талқыға түсті. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан елде екінші әйел алуға ресми түрде рұқсат беру керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі тыйым іс жүзінде жұмыс істемейді, сондықтан заңды не орындау, не өзгерту қажет, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ербол Сейілханға берген сұхбатында депутат елде көп әйел алу фактісі қазірдің өзінде бар екенін, бірақ ол ресми тіркелмегендіктен, мұндай қатынастағы әйелдер құқық жағынан қорғансыз қалып отырғанын айтты.

«Мен немесе сіз қарсы болғанымызбен, адамдар бұл істі бәрібір тоқтатпайды. Сол себепті бұл мәселені заңдастырып, реттеу қажет деп есептеймін», – деді депутат.

Сонымен бірге ол өз сөзін дұрыс түсінуді сұрап, бұл ұсыныс жеке ниеттен емес, қоғамдық қатынастарды реттеу қажеттілігінен туындағанын атап өтті.

«Мен тек құқықтық реттеу туралы айтып отырмын. Ал бір, екі немесе үш әйел алу – бұл қоғам талқылайтын мәселе», – деді Абзал Құспан.

Тэгтер:

депутат құқық абзал құспан Көп әйел алу