Суық антициклон ел аумағынан шығып барады. Оның орнына жылымық әкелетін жаңа циклон жақындап келеді. Ол жауын-шашынды сақтағанымен, ауа температурасының көтерілуіне себеп болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бүгін «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, Абай, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, боран, көктайғақ, тұман және 15–25 м/с жылдамдыққа дейін күшейетін жел күтіледі.
Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарында және Жетісу өңірінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болып, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
▪️ Астанада күндіз 0…–2 °C, қар, боран. Жолдарда көктайғақ. Түнде –2–4 °C, кей уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын, боран. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.
▪️ Алматыда күндіз 0…+2 °C, түнде –3–5 °C. Желдің жылдамдығы 2–7 м/с.
▪️ Шымкентте күндіз +6…+8 °C, түнде –2…–4 °C. Желдің жылдамдығы 5–10 м/с.