«Қайрат» «Интерден» 1:2 есебімен жеңілді

Бүгін, 08:31 / Қайсар Қалам
Сурет: «Қайрат» ФК

Ойын  6 қарашаға қараған түні Миланда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі төртінші тур аясында өтті. Жеңіліске қарамастан, бұл матчты «Қайраттың» биылғы Чемпиондар лигасындағы ең сәтті ойыны деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алғашқы голды миландық «Интердің» аргентиналық шабуылшысы Лаутаро Мартинес ойынның 45-минутында соқты. Екінші таймда қазақстандық клуб бұрыштан доп беруді сәтті орындап, қорғаушы Офри Арад басымен соққы жасап, допты италиялықтардың қақпасына дәл бағыттады. Үшінші және шешуші голды «Интердің» ойыншысы Карлос Аугусто 67-минутта енгізді.

Төрт ойыннан кейін қазақстандық команда өз есебіне бір ұпай ғана алды  — ол үшінші турда кипрлік «Пафоспен» (0:0) өткен тең нәтижелі үйдегі кездесудің арқасында болды. Ал «Интер» төрт ойыннан кейін 12 ұпай жинап отыр.

«Қайраттың» келесі матчы — 26 қарашада Данияның «Копенгаген» клубына қарсы өтеді.
 

Тэгтер:

футбол Қайрат чемпиондар лигасы Интер