Полицейлер далада малшының мотоциклін алып кетті

Бүгін, 10:19 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында полицейлер малшыны тоқтатып, оның мотоциклін тәркіледі. Себебі көлікте мемлекеттік нөмір болмаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға туралы бейнежазбаны полицейлердің өздері жариялады. Олар мопед пен скутер иелеріне жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

Алайда көпшіліктің реакциясы басқаша болды. Әлеуметтік желі қолданушылары қалада ереже бұзатын мопед жүргізушілеріне көп жағдайда шара қолданылмайтынын, ал далада мал бағып жүрген адамды көлігінен айырып, жаяу қалдырғанын сынға алды.

«Адамша шешуге болмас па еді? Ескерту жасап, көмек көрсетіп, тіркеуге көмектессе ғой. Ал енді адамды малымен бірге далада тастап кету – әділдікке сыймайды», – деп жазды желідегілер.
 

Тэгтер:

полиция малшы мопед