Ақмола облысында ер адам аурухана терезесінен құлап қаза тапты

Бүгін, 13:03 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Ақмола облысында ер адамның аурухана терезесінен құлап қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Полиция қызметкерлері аудандық аурухананың аумағынан мәйіті табылған науқастың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, психикалық ауытқуы бар ер адам өз-өзіне қол жұмсаған», – деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
 

Тэгтер:

қаза аурухана терезе