Фонограмма қолданатын әртістерге айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін, 15:18 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Қазақстанда фонограмма қолданған әртістер мен концерт ұйымдастырушыларын жазалау ұсынылды. Енді мұндай жағдайда оларға 1000 АЕК-ке дейін, яғни шамамен 3,9 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл түзетулер бүгін Сенатта қаралды. Жаңа талапқа сәйкес, 200-ден астам көрермен қатысатын концерттерде фонограмма қолдануға тыйым салынады. Бірақ телешоулар, театрлар мен цирктерде, яғни қойылым үшін дыбыс қажет болатын жағдайлар бұл ережеден босатылады.

Енді кімнің тікелей, ал кімнің «флешкадан» айтып тұрғанын жергілікті әкімдіктер бақылайды. Бұған дейін әртістерге тек көрермендерді фонограмма қолданатыны туралы алдын ала ескерту міндеттелген болатын.
 

Тэгтер:

айыппұл фонограмма әртіс