2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда алаяқтар сыртынан рәсімдеген несиелер үшін азаматтар енді жауап бермейді. Мұндай қарыздарды банктер өз қаражаты есебінен жабуға міндетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы мәліметті Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Біздің ұсынысымыз қабылданды: 2025 қыркүйегінен бастап биометрия дұрыс өтпей рәсімделген алаяқтық несиені банк өз есебінен жабады", – деп жазды депутат.
Яғни, егер азаматтың атына биометриялық сәйкестендірусіз немесе заңсыз тәсілмен несие рәсімделсе, енді банк клиентті жауапкершіліктен босатып, қарызды өзі жабуға тиіс.