Шерхан Қалмырза өз "қайын атасын" ренжітіп, күтпеген шешім қабылдады

Бүгін, 19:50 / Ахмет Қанатұлы
sportinside.kz коллажы. Суретте: Шерхан Қалмырза мен Самат Смақов

"Қайрат" футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза QJ League Instagram парақшасы ұйымдастырған блиц-сауалнамаға қатысып, танымал футболшылар арасынан өз таңдауын жасады,, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сауалнама ережесіне сай, Шерханға екі ойыншының есімі ұсынылып, олардың бірін таңдау керек болды.

– Асхат Тағыберген немесе Бауыржан Исламхан?
– Исламхан.
– Исламхан немесе Бақтиер Зайнутдинов?
– Исламхан.
– Исламхан немесе Ғалымжан Кенжебек?
– Исламхан.
– Исламхан немесе Дастан Сәтпаев?
– Дастан Сәтпаев.
– Дастан Сәтпаев немесе Самат Смақов?
– Дастан Сәтпаев.

Айта кетейік, 19 жастағы Шерхан Қалмырза – "Жетісу" клубының бас бапкері Самат Смақовтың қызы Самира Смақовамен қарым-қатынаста. Жас жұп өз сезімдерін жасырмай, әлеуметтік желіде бірге түскен суреттерін жиі бөліседі.

Тэгтер:

Шерхан Қалмырза Самат Смақов