Қар, тұман — 7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 08:18 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» дерегінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тек еліміздің оңтүстігінде ғана құрғақ ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік аймақтарда боран күтіледі.

▪️ Астанада — ауыспалы бұлтты, қар мен жаңбыр, көктайғақ, түнде −2–4 °C, күндіз шамамен 0 °C.

▪️ Алматыда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, таңертең тұман, түнде −6–8 °C, күндіз 0...+2 °C.

▪️ Шымкентте — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, таңертең тұман, түнде −1–3 °C, күндіз +8–10 °C.

Тэгтер:

қар ауа райы жаңбыр жел