Ақмола облысында кірме жолда вагондар рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«6 қараша күні Ақмола облысындағы Макинка станциясына қарасты «Бота 2015» ЖШС-нің кірме жолында 12 вагон жолдан шығып, олардың сегізі ұстап қалу тұйығында аударылды. Маневрлік жұмыстарға тартылған локомотив жеке компанияға тиесілі, локомотив бригадасы да сол ұйымның қызметкерлері болып табылады»,- деп мәлімдеді ҚТЖ.
Оқиға салдарынан байланыс желісінің құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздардың қозғалысында кідірістер бар.
Оқиғаның салдарын жою және инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың апаттық және қалпына келтіру пойыздары жіберілді.
Вагондардың жолдан шығу себептері тексерілуде.