Коуч-психологтардың басына қара бұлт үйірілді

Бүгін, 12:01 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Елдің қалтасын қағып, түрлі ақыл айтудан алдына жан салмайтын коуч-психологтарға да жазаны қатаңдататын уақыт таяу, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тексерістен лицензиясы барын ғана өткізіп, қалғанының ізіне "майшам алып түсу керек", дейді сенатор Амангелді Есбай.
Қит етсе, ақшаға ақылы дайын тұратын коуч-психологтардан қазір аяқ алып жүре алмайсыз. Депутат қоғамдағы келеңсіздіктердің біразы осындай шала оқыған, тіпті кейбірі өз саласында мүлдем сауатсыз  мамандардың кесірінен деп санайды. 

Елде ажырасудың еселеп артуына да әдемі сөзге алданып, аспандағы айды әперемін деп уәде еткен осындай коучтардың әсері болуы мүмкін, деп хабарлады КТК телеарнасы. 

«8 миллиард адамның ішінен сіз ең мықтысыз, қор болуға жаралмағансыз» деген ұранмен адамдардың миын айналдыратын ақылгөйлерге әзірге ешқандай құқықтық жаза қарастырылмаған. Сенатор мұны енді Парламент мінберінде талқылап, жаза түрін тағайындауды сұрап отыр.  

Отбасына кеңес беруді сылтауратып, «Жұбайыңызды қалай өзгертуге болады?», «Балаңызды басқару әдістері», тіпті «Ажырасу — өмірдің басы» радикалды көзқарасты насихаттаушы «мамандардың» әсерінен айрандай ұйып отырған қаншама отбасының шаңырағы шайқалуда. Көптеген жағдайда бала тәрбиесіне қатысты теріс нұсқаулар беріліп, эмоциялық зорлық-зомбылық элементтері кеңес күйінде ұсынылады, - дейді Сенат депутаты Амангелді Есбай.
 

Тэгтер:

сенатор психолог Коуч