Космосқа ұшып кеткен қытайлық ғарышкерлер енді Жерге қайта алмай отыр

Бүгін, 15:15 / Ахмет Қанатұлы
АР

Қытайдың "Шэньчжоу-20" ғарыш миссиясына қатысып жатқан үш ғарышкер орбитадағы төтенше жағдайға байланысты әзірге Жерге қайта алмай отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала деректерге сәйкес, ғарыш кемесінің капсуласы ғарыш кеңістігіндегі қоқыспен соқтығысып, құрылымдық зақым алған.

Қазір экипаж мүшелері – Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе – Қытайдың орбиталық "Тяньгун" станциясында қалып отыр. Мамандар зақымның нақты көлемін анықтап, жөндеу мүмкіндігін зерттеуде.

Бұған дейін аталған ғарышкерлер ғарышта алты айға жуық уақыт өткізіп, ғылыми зерттеулер мен ашық ғарыштағы жұмыстарды орындаған болатын. Енді олар көлік жүйесіндегі ақау толық жойылғанша станцияда болуға мәжбүр.

Тэгтер:

Қытай ғарышкер