Астрономдар Жерге біртіндеп жақындап келе жатқан 3I/ATLAS ғарыш нысанынан алғашқы радиосигналды қабылдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астрономия және астрофизика (Astronomy & Astrophysics) басылымының дерегінше, сигнал 24 қазанда Оңтүстік Африкадағы MeerKAT радиотелескопының көмегімен тіркелген. Бұған дейін дәл осы жұтылу сызықтары бойынша сигнал алу әрекеттері сәтсіз аяқталған еді.
Гарвард университетінің ғалымы Ави Лебтің айтуынша, 2026 жылдың 16 наурызында 3I/ATLAS Юпитер маңынан өткен кезде «Юнона» ғарыш аппараты объектіден төмен жиіліктегі сигнал алуға тырысады.
3I/ATLAS нысаны 1 шілдеде байқалған. Кейін ғалымдар оның басқа жұлдыз жүйесінен келген комета екенін анықтады. Сондай-ақ нысанның шамамен 7,5 миллиард жыл бұрын пайда болғаны — яғни Күннен 3 миллиард жылға үлкен екені белгілі болды.
Қыркүйек айында 3I/ATLAS «аномальды өзгерістерге» ұшырап, түсін өзгертуді бастаған.
Бұған дейін ғалымдар Жерге 41 мың жыл бұрын болған апокалипсистің қайталану қаупін болжаған еді.