Хасан Қасымбаевтың отбасы президентке үндеу жасады

Бүгін, 12:10 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Талғар аудандық сотында «Хуторлықтардың» басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевқа қатысты даулы істің соңғы кезеңі өтіп жатыр. Прокурор оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот процесінің аяқталуына орай Қасымбаевтың туыстары президентке бейнеүндеу жолдап, «әділ шешім шығаруды» және істі жеке бақылауға алуды талап етті.

Оның жұбайы Зүлфия Қасымбаева әділ сот болмаса, сот ғимаратының алдында өзін өртейтінін мәлімдеді.
 

Тэгтер:

сот талғар Хасан Қасымбаев Хуторлық