Ресейде дрон шабуылынан қорғану үшін еріктілерді жинау басталды

Бүгін, 12:30 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Ресейдің аймақтарында маңызды нысандарды қорғауға тартылатын бөлімшелерге еріктілерді жинау науқаны басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Коммерсант» газетінің жазуынша, резервистерді тек соғыс кезінде ғана емес, бейбіт уақытта да осындай мақсатта қолдануға мүмкіндік беретін заңға 4 қарашада қол қойылған.

«Коммерсант» дерегінше, «тиісті жұмыс Ресейдің жиырмаға жуық субъектісінде жүргізілуде».

Дрондарға қарсы бірінші кезекте жұмылдырылатын резервистер сол уақыт аралығында әскерилер мәртебесін алып, барлық жеңілдіктерге ие болады деп хабарланады.

Бірінші болып Ленинград облысының билігі БАРС-47 батальонының құрылатынын жариялады. Резервистерді жинау Татарстан, Башқұртстан, Нижний Новгород облыстары мен басқа да өңірлерде жүргізілуде. Дрондардан қорғалуы тиіс нысандар қатарында «Башнефть» мұнай өңдеу зауыты және «Уфанефтехим» пен «Газпром» өндірістік алаңдары бар.
 

Тэгтер:

ресей дрон еріктілер