Атырауда боди-массажист клиентті пышақтап өлтірген

Бүгін, 13:42 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Атырау қаласында 30 жастағы боди-массажистке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Оған клиентін өлтірді деген айып тағылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға массажист жұмыс істеген пәтерлердің бірінде болған. Әйел мен ер адам арасында жанжал туып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Жанжал кезінде әйел клиентін пышақпен жаралап, ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған, деп жазды Orda.kz.

Қанды оқиғадан кейін массажисттің өзі дәрігерлер мен полицейлерді шақырған. Тергеу амалдарынан соң күдікті қамауға алынды.

Қазір қылмыстық істі сот қарап жатыр. Үкім алдағы уақытта шығарылады.

Айта кетейік, биыл көктемде Ұлттық ұланның майоры Ақтөбеде боди-массажистерден ақша бопсалап, солармен бірге тұрғаны үшін сотталған еді.
 

Тэгтер:

қылмыс атырау боди массаж