Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 10:53 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

«Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының (ОҚТ) болжамды жетекшісі Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот Қасымбаевты адам ұрлау, ауыр дене жарақатын салу және қорқытып алу баптары бойынша кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге үкім шығарды.

Еске салсақ, Қасымбаев өткен жылдың 4 қарашасында Талғарда ұсталған еді. Ол кісі өлтіру және қылмыстық топ қызметіне қатысы бар деген күдікке ілінген.

Бұған дейін «Хуторские» тобының бар-жоғы жөнінде қоғам мен Ішкі істер министрлігі арасында пікір қайшылығы болған.

Тэгтер:

сот Хасан Қасымбаев Хуторские