Трамп АҚШ енді Украинаға қаржы бөлмейтінін айтты

Бүгін, 11:55 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ Президенті Дональд Трамп журналистерге Украинаға қару-жарақ жеткізу енді АҚШ есебінен жүргізілмейтінін айтты. Оның сөзінше, қару-жарақ жеткізу үшін қазір АҚШ-қа төлем НАТО арқылы беріледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Біз [Киевке қару-жарақ үшін] енді ақша жұмсамаймыз. Қазір бізге НАТО арқылы төлем жасалады», — деді американдық лидер.

2025 жылғы 14 шілдеде НАТО Бас хатшысы Марк Рютте кездесуінде Трамп АҚШ пен Солтүстік Атлантикалық альянстың Украинаға американдық қару-жарақ жеткізуді Еуропа елдері есебінен қамтамасыз етуге келісімге келгенін мәлімдеген.
 

Тэгтер:

украина Трамп соғыс