Гинеколог науқастарды жасырын видеоға түсіріп отырған. 45 әйел оны сотқа берді

Бүгін, 12:23 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

АҚШ-тың Техас штатындағы Форт Худ әскери базасында гинеколог Блейн МакГроу пациенттердің интимдік бейнелерін жасырын түсіргені анықталды. NBC агенттігінің хабарлауынша, сотқа берілген арызда оның құрылғыларынан әйелдердің дене бөліктері түсірілген мыңдаған фото мен видео табылған. Сондай-ақ оны қолайсыз әрекеттер жасау, орынсыз сөздер айту және қажетсіз медициналық процедуралар жүргізу бойынша айыптауда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Арызды әскери қызметшінің әйелі түсірген. Армия тергеушілері оған дәрігерге соңғы баруының камераға жазылғанын хабарлаған. «Оның соңғы қабылдауының басым бөлігі, соның ішінде кеуде мен жамбасын қарау рәсімдері, оның рұқсатынсыз және хабардар етілмей камераға түсірілген», — делінген арызда. Адвокаттың айтуынша, МакГроуға қарсы іс бойынша 45-тен астам әйел қатысып отыр.

Сонымен бірге, бірнеше жыл бойы сексуалдық алаяқтық пен қол сұғушылыққа қатысты шағымдар түскеніне қарамастан, армия оған қызметін жалғастыруға мүмкіндік берген. «Осылайша, армия формалы «жыртқышты» қорғанышпен қамтамасыз еткен», — делінген арызда.

Қазір МакГроу жұмыстан шеттетіліп, қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Армия мәлімдемесінде тергеушілер «потенциалды зардап шеккен пациенттермен» байланысқа шығатыны айтылған. Қазірдің өзінде 25 әйел әскери қылмыстық тергеушілермен сұхбаттасқан.
 

Тэгтер:

науқас фото Гинеколог жасырын видео