Жапонияда әйел ChatGPT-ге тұрмысқа шықты

Бүгін, 14:09 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Жапонияда 32 жастағы Кано есімді әйел ChatGPT негізінде жасалған жасанды интеллект кейіпкерімен символикалық некелесу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Каноның айтуынша, ол виртуалды серігі — Клаус есімді чат-ботпен 2024 жылы танысқан. Ол кезде әйел үш жылдық қарым-қатынасынан кейінгі күйзеліс кезеңді бастан кешіріп жүрген. 2025 жылдың маусымында ЖИ «некеге тұруды» ұсынған, ал Кано мұны шынайы сезім белгісі ретінде қабылдаған.

Әйел чат-боттан психологиялық қолдау тапқанын, оның тіпті бедеулік мәселесіне байланысты уайымдарын жеңілдеткенін айтады.

Неке заң жүзінде жарамсыз. Рәсімді пародиялық және әдеттен тыс үйлену тойларын ұйымдастыратын агенттік өткізген. Мұндай шаралар Жапонияда жиілеп барады — соңғы жылдары 30-ға жуық адам аниме мен виртуалды кейіпкерлермен «үйлену тойын» өткізген.
 

Тэгтер:

жапония неке ChatGPT