40 жастағы Сағындық Шабықбаев – шамамен 30 мың халқы бар кеншілер қаласының әкімі. Оған пара алу бойынша күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Halyqstan телеграм арнасының жазуынша, тергеу соты Шабықбаевты екі ай мерзімге қамауға санкция берді. Ол қандай жағдайда және кімнен, не үшін пара алды деген күдікке ілінгені әзірге хабарланбады.
Айта кетейік, Шабықбаев 2023 жылғы сайлауда жеңіске жеткен болатын.
Қостанай облысының тумасы еңбек жолын Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы ХҚКО-да бастаған.
Көп балалы әке өзінің сайлауалды бағдарламасында президенттің саясаты мен тапсырмаларын нақты әрі сапалы орындауға уәде берген еді.