Қала тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде Астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасында кешкі уақытта не болып жатқанын көрсетті. Ол үлкен кезектің болғанына шағымданды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алтынбек Белгібаев есімді қазақстандық Threads парақшасында Астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасынан бейнежазба жариялады. Кешкі уақытта түсірілген видеодан дәрігер қабылдауын күтіп отырған көптеген ата-аналар мен балаларды көруге болады.
Оның айтуынша, ол ұлын жоғары температурамен ауруханаға алып барған, бірақ қабылдауға дейін ұзақ кезекте тұруға тура келген. Ер адам баласына салған укол көмектескенін, алайда дәрігерлер оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Дәрігерге тексерілу үшін кезекте тұрмыз, шамамен үш сағаттай күттік, содан кейін дәрігер ұлыммен бірге ауруханаға жатуға шешім шығарды. Медбикемен бірге екінші қабатқа көтерілеміз, ал посттағы қызметкерлер палаталарда орын жоқ екенін айтады. Сағат түнгі 00:30 болды, бала әбден әлсіреген», – деді ер адам.
Ол аурухана ұжымы оларды аяп, алдымен процедура бөлмесіне орналастырғанын, кейінірек әдеттегі палатаға ауыстырылғанын қосты.