Жас буын және желідегі контент: еркіндік пен қауіптің арасындағы шекара

26 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Кейінгі жылдары қоғамда балалардың әлеуметтік желілерден бейбірекет контент тұтынуына байланысты, гаджеттерді қолдану мен ақпараттық сүзгіге қатысты алаңдаушылық көбейген. 

Алаңдауға негіз де жоқ емес. Себебі арнайы мамандардың ешқандай талдауынан, сараптауынан өтпеген көптеген мультфильмдер, кинолар мен ойындар бүгінде желіде желдей есіп жүр деуге болады. 

Бүл мәселе қоғамның да, биліктің де назарынан тыс қалып отырған жоқ. Естеріңізге салар болсақ, балалардың әлеуметтік желі қолдануына байланысты Парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының мінберінде жиі мәселе көтеріледі. Мысалы былтыр Сенат депутаты Геннадий Шиповских TikTok әлеуметтік желісі балаларға қауіпті екенін айтып, дабыл қаққан. Ол өз сөзінде «ТikTok-тағы кейбір контент балалардың мінез-құлқына теріс әсер етіп, жалған идеалдар мен тәуелділікке әкелуі мүмкін» деген.

Ал бұрынғы Мәжіліс депутаты, қазіргі еліміздің Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс отырысында әлеуметтік желілердегі қауіпті ойындар, квестер және зорлық-зомбылықты насихаттайтын контент жасөспірімдердің санасын улап, оларды қауіпті әрекеттерге итермелеп жатқанын айтып, мәселе көтеріп, тиісті министрліктерге балалар үшін қауіпті контентті анықтап, зерделеуде ведомствоаралық жауапкершілікті күшейтуі қажет екенін жеткізген. 

Статистика не дейді?

Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика бюросының мәліметтері бойынша 6-15 жастағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың ішіндегі балалардың үлесі он жылда елуден тоқсан пайызға дейін өсіпті. 

2023 жылы 6-10 жастағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың ішіндегі балалардың үлесі ‒ компьютер мен ғаламтор пайдаларһнушылар 71 пайыздан асады, ал ұялы телефонды 75,4 пайыз бала қолданады екен.

Дәл осы мәселе бойында 11-15 жас аралығындағы балалардың үлесіне келер болсақ, компьютерді пайдаланушылар ‒ 113 пайыз, ғаламтор пайдаланатын балалар саны ‒ 111,7 пайыз және ұялы телефонды серігі еткен жасөспірімдер саны ‒ 109,7 пайыз екен. 
Сонымен қатар ұялы телефонға қолжетімділік ауыл мен қалал балаларында шамалас екен. Қалалық балалардың 91,3 пайызы ұялы телефон қолданса, ауыл балаларының 92,7 пайызының ұялы телефоны бар екен.

Ал ғаламтор пайдаланатын балалардың басым бөлігі, яғни 84,7 пайызы ғаламторға күнде кіреді екен. Тіпті бірнеше рет кіруі мүмкін.
Яғни, Қазақстанда ауыл баласы да, қала баласы да ұялы телефон, интернет пен комьютерді қолданады, онымен таныс екеніне көз жетті. Ал олардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып қала бермек... 
 

Тэгтер:

бала Телефон контент