Балалардың шығармашылық дамуына баса көңіл бөлу ‒ тұлғалық қалыптасудың кілті деуге болады. Әсіресе барлық физикалық, және ой еңбегін арнайы техникалар мен роботтарға, жасанды интеррект күшіне тапсырып қоятын қазіргі қоғамда креативті ойлау, өзіндік ерекшелік, адамның жеке болмысы бағаланатын болған. Заманауи әр ата-ана баласының шығармашылық потенциялын барынша дамытуды және қолдануды үйреткені абзал. Себебі ол ‒ ой-өрісі мен қиялды дамытады, сезімдерін шығаруды үйретеді, өзіне сенімділік пен еркіндікті арттырады, зейіні мен есте сақтау қабілетін жақсартады, әлеуметтік қоғамға бейімделу мен болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.
Бір сөзбен айтқанда, балалардың шығармашылық дамуы — тек өнерге үйрету емес, оларды еркін ойлайтын, қиялы ұшқыр, өз пікірін білдіре алатын, эмоционалды сау, жан-жақты дамыған тұлға етіп қалыптастыру жолы.
Осы ретте Қазақстан Республикасында балаларды дамыту елеусіз қалып отырған жоқ екенін айта кеткен жөн. Мысалы 2024–2026 жылдарға арналған балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мен нығайту жөніндегі Жол картасын бекітілген. Оның басты мақсаты ‒ қазақстандық балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, олардың шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік беру.
Сонымен қатар қалалы жерлер ғана емес, ауылдарда да өсіп жатқан балалардың өнер үйірмселіріне қатысып, шығармашықы дамуын қолжетімді ету. Өңірлердегі дарынды балаларды табу, оларды қолдау және бағыт-бағдар көрсету. Спорт, өнер және басқа да үйірмелердің санын арттыру ‒ басты мақсат.
Қазақстан Респкубликасы оқу-ағарту министрлігінің дерегі бойынша жоба аясында 2027 жылға дейін елде 100 қосымша білім беру мекемесін ашу жоспарланған. Оның 37-сі оқушылар сарайы болса, 64 мектеп өнер саласына арналады.
Бұдан бөлек “Қазақстан халқына” Қорының бағдарламалары мен жобалары іске асып жатыр. Олардың арасында ауыл мектептерінің, шағын және моноқалалардағы мектептердің оқушылары үшін қолжетімді әрі сапалы қосымша білім беру ортасын құруға бағытталған, балалардың өнерге қабілетін ашуға бағытталған бағдарламалар бар. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға да үйірмелер мен арнайы мектептер ашу қарастырылған.