Мас қаңғыбас алматылықтарды тапаншамен қорқытты

14 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Алматыда мас күйдегі үйсіз ер адамның пистолетке ұқсас затпен тұрғындарды шошытқаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Осы факті бойынша полицияға «102» арнасы арқылы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы барды. Күдікті ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның тұрақты мекенжайы жоқ ер адам екені және алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Қолындағы зат — айналаға қауіп төндірмейтін ойыншық пистолет», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жұма күні.

Аталған дерек бойынша ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Іс материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – деп толықтырды ПД.
 

Тэгтер:

алматы мас тапанша қаңғыбас