Қазақтарға тіл тигізген Биволдың әйеліне қатысты тағы бір жаңалық шықты

14 қараша, 2025 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды

Екатерина Бивол есімі тағы да жұрт назарында. Ол жақында әлеуметтік желіде видео жариялап, психиатриялық ауруханаға бара жатқанын хабарлады. Бұл шешімге өзіне қарсы түсетін шағымдардың ықпал еткенін айтқан. Шағымдардың көбі – бұрынғы күйеуі, әйгілі ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың жанкүйерлері мен оның әпкесінен түскен.

Екатеринаның айтуынша, екі жылдан бері оған Қырғызстан мен Қазақстандағы Дмитрийдің жанкүйерлері қысым көрсетіп келеді. Сондай-ақ, бұрынғы күйеуінен де үнемі психологиялық қысым мен жағымсыз хабарламалар алады.

«Екі жыл бойы Диманың жанкүйерлері жанымды қоярға жер таптырмай келеді. Үстінен шағым түсіріп, тексеріс жасатуда. Балаларыммен ара-қатынасым жақсы, күнде олардың жаттығуына барамын. Алайда мені әрқайсысы әйтеуір бір нәрседен ұстап алғысы келеді», – дейді Екатерина.

Ол сондай-ақ жеке мәліметтердің жариялануы, қоқан-лоқы мен алимент, балаларды қамқорлыққа алу мәселесі де өзін шаршатқаны жайлы айтты.

Кейінірек Екатерина ауруханада бұрынғы күйеуі мен оның адвокаттарымен кездескенін айтты.

Әлеуметтік желіде Екатеринаны ауруханаға шақыруға себеп болған шағым мәтіні де тарап кетті. Құжатта бұрынғы күйеуіне, оның туыстарына өлім тілеп, ұрыс кезінде ауыр сөздер айтқаны, кей кездері тіпті «балаларымен терезеден секіремін» деп қорқытқаны жазылған. Осыған байланысты балаларды уақытша алып қою және анасының әрекетіне шара қолдану сұралған.

Ресейдің ІІМ Екатерина Биволға қатысты тексеріс басталғанын растады. Бұған азаматтық қоғам өкілдерінің шағымы себеп болған. Ал Қазақстан ІІМ Екатерина Биволды іздеуде екенін, оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау белгіленгенін мәлімдеді. Қырғызстанда да оған іздеу жарияланып, арестке алу ордері рәсімделген.

Еске сала кетсек, Екатерина мен Дмитрий Бивол 2007 жылдан бастап бірге болып, 2014 жылы ресми некеге тұрған. Олардың ортақ балалары бар. 2023 жылы маусымда ажырасқан соң, жанжал шиеленісіп, әлеуметтік желі мен соттарда бір-біріне айып тағу, шағымдану тоқтамады. Екатерина бұрынғы күйеуін абьюз, опасыздық және қаржылай алаяқтық жасады деп айыптаса, Дмитрий оның мінез-құлқын аморальді деп санайды.

Тэгтер:

әйелі Екатерина Бивол Биволдың жұбайы псих больница