Тасмағамбетов украиналық «Бітімгерлер» тізіміне енді. Бұл нені білдіреді?

14 қараша, 2025 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды

Иманғали Тасмағамбетовтың аты украиналық «Миротворец» сайтының «Бітімгерлер» тізіміне енгізілді. Бұл туралы Orda.kz өзінің жаңалықтарында хабарлады.

Сайттың мәліметінше, Тасмағамбетов Ресейдің Украинаға қарсы әрекеттерін ашық түрде қолдап, соғысты насихаттаған. Сондай-ақ ол Украина аумағына жасалған зымыран соққыларын ақтап, ҰҚШҰ-ның бас хатшысы ретінде Ресей армиясына көмек ретінде ұйым әскерін жіберуге дайын болғаны көрсетілген.

Алайда ҰҚШҰ ұйымы бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Тэгтер:

украина иманғали тасмағамбетов соғыс бітімгерлер тізімі